372
28-мамыр сағат 11-00-де Петропавл қаласы әкімдігі алаңында референдумды қолдау мақсатында марафон өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Іс-шараны референдумды қолдау жөніндегі штаб пен облыстың спорт қауымдастығы ұйымдастырады. Оған барша спорт сүйер қауым қатыса алады. Еске салсақ, 5 маусым күні Қазақстанда Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум өтеді.