СҚО прокуратурасы — кәсіпкерлердің құқығын қорғау ұдайы назарда

Авторы: Qyzyljar News

Облыс прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша тәулік бойы әрекет ететін мобильдік топ жұмыс істейді. Ол өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отыра бизнес субъектілерінен түскен өтініштерді қарайды. Биыл мамандар 600 кәсіпкердің құқығы қорғаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Заң бұзушылықтарға қатысты прокурорлар 24 ұсыныс енгізіп, 15 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 6 заңсыз тексерудің нәтижесі жойылды, жоспарланған 7 тексеру заңсыз деп танылды. 4 мың бизнес субъектісінің құқығы қорғалды. Биыл кәсіпкерлердің құқығын бұзуға қатысты 16 адам жауапкершілікке тартылды. 1,3 млн теңгеден астам сомаға қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 іс қысқартылды. Нәтижесінде 600-ден астам бизнес субъектісінің құқығы қорғалған.

Прокуратура органдары бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, өйткені бұл ведомство жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Егер де бизнес өкілдерінің құқығы аяққа тапталған жағдай орын алса, олар +7(705) 842 73 06 нөміріне хабарласа алады.

Фото: ашық дереккөздерден

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz