Теміртұлпар иелеріне шетелдік автокөліктерді заңдастыру жайы түсіндірілді

Авторы: Qyzyljar News

Облыстың көлік жүргізушілері мен полицейлер шетелдік тіркеудегі теміртұлпарларды заңдастыру жайын талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстанда 2022 жылы қыркүйектің 1-не дейін елге әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын заңдастыру басталды. Солтүстікқазақстандық полицейлер мен облыстық прокуратура өкілдері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингін бірге тыңдау үшін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді пайдаланатын адамдарды шақырды.

Петропавл қаласындағы Володарский көшесі, 18 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратқа барлығы жүзге жуық адам келді. Олар сол жерде сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Көптеген адам мөрмен немесе заңгермен расталған сатып алу-сату шартын ұсыну керектігіне алаң. Тәртіп сақшылары қолмен жазылған нұсқасы жеткілікті екенін айтып адамдарды алаңдауға еш негіз жоқ екенін сендірді. Кездесуде заңдастырудың тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Ережелерге сай көлік құралы Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі, бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы, іздеуде болмауы және кедендік тазартудан өтуі тиіс екенін атап өткен жөн.

– Бүгінгі таңда бұл тақырып автокөліктердің жүргізушілері арасында өзекті болғандықтан, олардың сұрақтарына жауап беру үшін және басқа да адамдарға осы заңдастырудың мәселелерін айтып түсіндіретін бастамашыл топ құру үшін шақырдық, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Полицейлер мен белсенділер осы мақсатпен құрылған «Telegram» арнасында пікір алмасып тұруға келісті (//t.me/petropavloskbanderos). Облыс тұрғындары заңдастыру туралы сұрақтарына жауаптарын осы чатта немесе процессингтік орталықтың call-орталығынан 8(7152)32-00-19, 32-00-22 білуге болатынын айтады. Сондай-ақ бастамашыл топтар халықтың ұсыныстарын жинап, оларды Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетіне жібереді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz