СҚО-да жұмысқа орналасуға рұқсат алу үшін 600-ден астам мигрант өтініш білдірді

Авторы: Qyzyljar News

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 3259 шетел азаматы уақытша тұрып жатыр. Жыл басынан жұмыс істеуге рұқсат алу үшін 600-ден астам мигрант өтініш білдірді. Еңбек мигранттарының басым көпшілігі Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан азаматтары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің айтуынша, шетелдіктердің жұмысқа орналасуына байланысты 277 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін Қазақстанның 15 азаматы жауапқа тартылды.

Көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше, облыста 54 жағдайда шетелдіктер тиісті рұқсатсыз еңбек еткен. Бұл үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» 517-бабымен жауапкершілік қарастырылған. Баптың санкциясы 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, не Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жiберуді көздейді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz