Петропавлда «Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтіп жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Жәрмеңкеде 3600-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаеваның айтуынша, соңғы 5 жылда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірге 735 отбасы қоныс аударған. Биыл 33 отбасы солтүстікке көшу квотасына енгізілді.

-Бос жұмыс орындарының тізімінде мұғалім, дәрігер, дәнекерлеуші және ауыл шаруашылығы саласына қатысты мамандықтар ұсынылды. Теріскейге беттеген азаматтарға мемлекет тарапынан бірнеше көмектер көрсетіледі. Атап айтқанда, отбасы мүшелеріне 70 АЕК яғни, 222 600 теңге мөлшерінде қаржы беріледі. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтер үшін берілетін қаржы көлемі бекітілген. Яғни, қалалық жерге қоныс аударғаны үшін бір адамға — 63 600 теңге, отбасы мүшелерінің саны екеуден асса — 79 500 теңге, ал бес адамнан көп болса — 95 400 теңге мөлшерінде төленеді, — деді Жанар Дәулетбаева.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz