Өзін полицеймін деп таныстырып, бірнеше адамның атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Екібастұз қаласының полицейлері Қарағанды облысы Саран қаласының тәртіп сақшылары іздестіріп жүрген 25 жастағы петропавлдықты қолға түсірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұсталғаннан кейін алаяқтың Екібастұз қаласының аумағында жасалған бірнеше қылмысқа қатысы бары анықталды.

-Күдікті сәуір айында Екібастұз қаласында өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, тұрғындардың несие бойынша берешегін тексермекші болып жәбірленушінің құжаттарын фото-видеоға түсіріп алған. Осылайша, құжаттардың көшірмелеріне қол жеткізіпті. Сан соғып қалған екібастұздық банктердің бірінде үстінен 140 мың теңге сомасында несие рәсімделгенін естіп, дабыл қаққан, — деп хабарлады Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.

Күдікті Қарағанды және Қостанай облыстарының аумағында да осындай қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта Екібастұз қаласы бойынша жәбір көрген екі адам анықталды. Күдікті қамауға алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz