Сот мердігерді Петропавлдың орталық көшелерінің біріндегі учаскені қалпына келтіруге міндеттеді

Авторы: Qyzyljar News

Сот мердігер ұйымға өткен жылы су құбырын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген Мағжан Жұмабаев көшесінің учаскесінде асфальтты қалпына келтіруді міндеттеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша, өткен жылдың қараша айында Попов көшесінен Ульянов көшесіне дейінгі учаскеде реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Күннің суытуына байланысты мердігер асфальтты қалпына келтірмеген. Желтоқсан айында шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты Петропавл әкімдігі мердігерді жауапсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді. Сот компанияны осы жылдың мамыр айының соңына дейін абаттандыру жұмыстарын жүргізуге міндеттеді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz