Сот көпқабатты үйлердің біріне жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар берген солтүстікқазақстандыққа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
58 жастағы ер адам 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, ол былтыр мас күйде төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. «Жалған террорист» Аққайың ауданының Қиялы ауылында ұсталды. Ол бұрын да осындай іске қатысы болып, жазасын өтеп шыққан.
-Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген, — дейді СҚО ПД экстремизге қарысы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.
Фото: ашық дереккөздерден