СҚО-да қант тағы қымбаттады

Авторы: Qyzyljar News

Өткен аптада ғана дүкен сөрелерінде қанттың келісі 540-580 теңгеден саудаланған еді. Бірер күнде құны бірден шамамен 200 теңгеге қымбаттап кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаладағы көтерме сауда базарындағы сатушылардың айтуынша, өткен аптада қант базар сөрелерінен 3-4 күнге жоғалып кеткен. Осы аптада қайтадан пайда болып, ең арзаны 750 теңгеден сатылып жатыр.

-Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда орындарына, базарларға қанттың тәуліктік нормасы жеткізіліп жатыр. Бұдан бөлек, коммерциялық қант басқа сауда орындарында да жеткілікті. Ал кондитерлік кәсіпорындарға үш фирма қанттың келісін 485 теңгеден өткізіп жатыр. Жалпы биыл біз 816 тонна – 12 вагон қант сатып алдық. Қазір тұрақтандыру қорындағы былтыр алынған қант сатылып жатыр. Сәуір айында «Азық түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы қосымша 136 тонна сатып алынды, — дейді СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ләззат Ғалеева.

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 406 тонна қант бар. Ондағы тәтті өнім әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сауда орындарына, ірі сауда желілеріне, супермаркеттер мен сауда үйлеріне жеткізіледі.

-Базарларда біздің 6 сауда орнымыз бар, ол жақта қант 330 теңгеден саудалануда. Сауда орындары үстінен 20 теңге қосып сата алады. Тек бір ғана ірі сауда желісі арқылы аптасына 12 тонна қант сатылады, — дейді «Солтүстік» ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ғамали Жұмашов.

Тұрақтандыру қорындағы қант күзге дейін ғана жетеді, сол себепті қазір Көксу қант зауытымен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz