Үкімет басшысы Петропавлдағы электртехникалық зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы электртехникалық зауыт былтыр іске қосылды. Өндіріс ошағы «Alageum Elektrik» холдингінің еншілес компаниясы болып табылады. Жоба «Kazakn Invest ҰК» АҚ-ның қолдауымен «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылып, 10 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Компания құрылтайшысы Сайдолла Қожабаев Премьер-Министрге жылына 13 мың дана электртехникалық өнімдер шығаратынын, ТМД елдері бойынша трансформаторлар құрастыратын ең заманауи кәсіпорын болып табылатынын, озық технологиялармен жабдықталғанын, толық қуатына көшкен кезде 350 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын жеткізді. Шығарылатын өнімдердің қатарында 6, 10, 35 кВт болатын тарату трансформаторлары мен жоғары кернеулі ұяшықтар бар. Бүгінде мұнда 80 қызметкер еңбек етеді. Осы уақытқа дейін 300-ге жуық трансформатор қондырғысы құрастырылған.

– Бүгінгі таңда өнеркәсіп саласының әлеуетін, еңбек өнімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, осылайша жергілікті жерлерде бюджет кірістерін ұлғайту басты міндет болуы тиіс. Мұндай озық жобаларға қатысушыларға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер көрсетіледі. Ең басты талап – ішкі нарықтағы импорттың үлесін азайта отырып, елдің экспорттық әлеуетін көтеруге жан-жақты мүмкіндіктер жасау. Істеріңізге табыс тілеймін. Машина жасау саласының көшбасшысына айналып жатсаңыздар, тек қолдаймын, – деді Әлихан Смайылов.

Кезінде кәсіпорынның орнында шағын литражды қозғалтқыштар зауытының бос ғимараты болатын. Холдинг басшылығы «Даму» қоры арқылы алынған несиеге күрделі жөндеу жүргізген. Енді әлемдік сұранысқа ие өнімдер алыс-жақын шетелдерге шығарылмақ. Қазақстанда мұндай ірі өндіріс ошағы бес облыста ғана бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz