Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайында Валерий Савельевке арналған естелік көрме ашылды. Қабырғаларға өңірде бейнелеу өнері мектебінің негізін қалаушылардың бірі — Валерий Савельевтің 50 жұмысы ілінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Валерий Савельев – бейнелеу өнері саласында өз орнын тапқан белгілі кескіндемеші, суретші-педагог, еңбек ардагері және Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Іс-шараны суретшінің қызы — Лариса Бекпаева ұйымдастырған.
— Валерий Васильевич өз өмірін кескіндеме саласына арнаған шығармашыл жан. Ол суретшілік пен қатар шәкірт тәрбилеуді де қатар алып жүрді. Көрмедегі әр картинаның айтар ойы бар. Бала күнімде суреттер сөйлейді деген сөздің мәнін түсінбейтінмін. Уақыт өте келе бұл сөздің растығына көзім жетті, — дейді Валерий Савельевтің қызы Лариса Бекбаева.
Көрме бір ай көлемінде жұмыс істейді.
Фото: ашық дереккөздерден