СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы Фархад Қыстаубаевты құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Фархад Қыстаубаев Сурдлимпиада чемпионы атанып, Бразилияда еліміздің туын биікке көтерді. Бұл облыс үшін Сурдлимпиядаларға қатысу тарихындағы алғашқы алтын медаль. Сондай-ақ, Рахат Табулов пен Владимир Беккер лайықты өнер көрсетті. Олардың бапкерлерінің де еңбегін атап өткім келеді. Біздің спортшыларымызға алғыс айтамын, сіздер батырсыздар, — деді облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, Фархад Қыстаубаев 5400 ұпай жинап, онсайыста «алтын» жеңіп алды. Сондай-ақ, солтүстік қазақстандық спортшы 110 метрге кедергілермен жүгіруде 3-ші орын иеленді.
Фото ашық дереккөздерден.