Солтүстікқазақстандық құтқарушылар суға кеткен адамды төртінші күн іздестіруде

Авторы: Qyzyljar News

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар 4 күн бойы Есіл ауданындағы Покровка елді мекенінің маңында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, ер адам қайыққа мініп өзенге шыққан, кейін құлап кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қоса кетейік, 15 мамыр күні Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы үйінен кетіп, қайта оралмаған тұрғын да әлі табылмай жатыр. Анатолий Зарваны іздеуге полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және белсенділер жұмылдырылды.

Тайынша ауданы Келлеровка елді мекенінің 57 жастағы тұрғыны Сергей Багинскийге де іздеу жарияланған. Ер адамнан 8 мамырдан бері хабар жоқ.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылдыққа облысында жоғалғандар туралы 142 хабарлама түсіп, 140 хабарсыз кеткен адам табылған.

Фото: volonterypetropavl инстаграм парақшасынан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz