Мемлекеттік сатып алу сайтына жергілікті атқарушы орган 1 миллиард теңгеден астам сомаға 53 пәтер сатып алу туралы хабарландыру орналастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әкімдік өкілдері 16,7 миллион теңгеге әрқайсысының ауданы 40-45 шаршы метр болатын 15 пәтер, 22,2 және 19,5 миллион теңгеден ауданы 50-55 шаршы метр болатын 9 баспана сатып алмақшы. 13,6 миллион, 21,8 миллион және 25 миллион теңгеден ауданы 30-35, 55-60 шаршы метр, 60-65 шаршы метрден 7 пәтер, 5 пәтерді 17,7 миллион теңгеге алуды көздеп отыр. Тұрғын үйлердің ауданы — 45-50 шаршы метр. 14,5 миллион теңгеге 3 пәтер сатып алынбақ.
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибуллин пәтерлерді үйлері сүрілетін азаматтар үшін сатып алынатынын айтты.
Фото: ашық дереккөздерден