Құмар Ақсақалов: «Қала жинақы болуы тиіс»

Авторы: Qyzyljar News

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов 2026 жылға дейін өңірде 2,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, бес жыл ішінде тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі үш есе өскен. Былтыр облыста 351 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Биыл көрсеткіш 400 мыңға дейін ұлғайтылмақ.

— Салынып жатқан тұрғын үй алаңын жыл сайын 50-60 мың шаршы метрге ұлғайтып отыру қажет. Жұмыс істегісі келетін инвесторлар жетіп артылады. Біз оларға жағдай жасауымыз керек, — деді СҚО әкімі.

Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың ескі тұрғын үйлерді сырып, қаланы жаңарту бойынша атқарылатын шаруаны құптағанын атап өтті.

— Қала жинақы болуы тиіс. Оны созудың қажеті жоқ. Барлығы қолжетімді болуы тиіс, — дейді өңір жетекшісі.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz