Бүгін, 31 мамыр күні Кизатов көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде «Audi B3» пен «Volkswagen Passat» көліктерінің соқтығысу салдарынан екі жаяу жүргінші зардап шекті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алғандар жедел жәрдем көлігімен қаланың медициналық мекемелерінің біріне жеткізілді. Диагноз қойылғаннан кейін біреуі үйіне жіберілді, екіншісі ауруханаға түсті.
— Медициналық қорытындыға сәйкес екі жүргізуші де арақ ішпеген. Аталмыш факті бойынша материалдар әрі қарай тергеу және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық әкімшілік полиция бөліміне тапсырылды, — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.