Петропавлда «AMANAT» партиясының аймақтық филиалы жанындағы «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңының алғашқы отырысы өтті. Кездесуге жиналған партия, ҮЕҰ және азаматтық сектор өкілдері алдағы конституциялық реформа тақырыбын талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Пікірсайысқа қатысушылар референдумның өзектілігін, қоғамның конституциялық реформаларды қабылдауын, өкілді билікті нығайту және сайлау жүйесінің аралас моделіне көшу мәселелерін қозғады.
-Алғашқы күннен бастап біз референдумды қолдау жөніндегі жұмысқа кірістік. Еңбек ұжымдарында, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, бизнес, ауыл шаруашылығы салаларының өкілдерімен әңгімелесулер өтті. Тұрғындардың алдағы іс-шараларға қызығушылығы байқалады. Азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын көтеріп, ұсыныстарын айтады. Мысалы, ауыл тұрғындарын көбінесе әкімдер мен депутаттарды сайлау мәселелері қызықтырады, қалалықтар негізінен конституциялық құқықтарды қорғау туралы айтады, — деді «AMANAT» партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Әсем Рахметова.
«TALQYLAU» диалог алаңын құрудағы негізгі мақсат — республикалық және өңірлік күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелерді талқылау. Пікірсайысқа қатысуға қоғамдық пікір көшбасшылары, саясаттанушылар, блогерлер, ҮЕҰ өкілдері мен ғылыми қайраткерлер шақырылады.
Фото: «AMANAT» партиясы СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінен