Маусымның бірінші онкүндігінің ортасына қарай Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Орта Азиядан келетін ауа массалары республиканың барлық аумағында жоғары температура қалыптастырады. Сынап бағанасы +28+36°с белгісіне дейін, Қазақстанның шеткі оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жекелеген күндері +40°с дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің басында — республиканың батысында, содан кейін елдің қалған аумағында термотетр бағамы біртіндеп төмендейді. Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде екпінді жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауылмен, қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі. Бұл күндері күн бірде ысып, бірде салқындайды деген болжам бар.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +15+22°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +28+36°С-тан +18+25°С-қа дейін ыстық болады.
Pexels иллюстрациялық фотосы