Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілдесіне теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді бекітті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мәселен, 3 және 6 айдағы мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттері бойынша, сондай-ақ 12 және 24 айдағы мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер өзгеріссіз маусым айындағы деңгейде қалды. Жинақ депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлемелер 12 айға 0,1 пайызға аздап көтерілді, ал 24 айға – депозиттік нарықтың осы сегменттеріндегі орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты 0,1 пайызға төмендетілді. Толықтырусыз 12 айлық жинақ депозиттері бойынша мөлшерлеме 15,1% – ға дейін, толықтырумен-13,9% — ға дейін өсті. Толықтырусыз депозиттер бойынша 24 айға мөлшерлеме 12,3% – ға дейін, толықтырумен-11,5% — ға дейін төмендеді.
Фото: ашық дереккөздерден