Дана Нұржігіт әйелдердің зейнет жасын қысқартуды ұсынды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутат Дана Нұржігіт әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Депутат Премьер-Министрдің атына жолдаған сауалында 2015 жылы әйелдердің зейнет жасын ұлғайту туралы шешім Қазақстанда 71 жасты құрайтын орташа өмір сүру ұзақтығын ескере отырып қабылданғанын еске салды. Елімізде 2022 жылы өмір сүру ұзақтығы — әйелдер үшін 78 жас, ерлер үшін 70 жас. 2021 жылы бұл көрсеткіш 70 жасқа дейін төмендеді. 2020 жылы пандемияға байланысты Қазақстанда өлім-жітім 22 пайызға өскен.

-Бүгінгі зейнетақы заңына сәйкес азаматтар жұмыс орындарын босатпай, 60-63 жасқа дейін отыра беретін болса, артынан келе жатқан жаңа буынға жұмыс жоқ деген сөз. Соңғы кездері үкіметтің зейнетақы саласына назар аударып, ауыр мамандық иелерінің зейнетке шығу жасын қайта қарауды қолға алып жатқанын білеміз. Осыған байланысты, азаматтардың сенаторларға жолдаған көптеген өтінішін ескере отырып, әйелдердің 58 жасында зейнетке шығу жасын белгілеуді, ал еңбегін одан әрі жалғастыру мәселесін өз еркіне қалдыруды ұсынамыз, — деді Дана Нұржігіт.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz