Облыс стоматологияларында балаларға пломбалар тегін қойылады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық тіс дәрігерлер 16 маусымға дейін 14 пен 18 жас аралығындағы балаларға пломбаны тегін орнатады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Филиал директоры Лариса Гордееваның айтуынша, акцияға облыстық стоматологиялық емхана мен үш жеке клиника қатысады. Қазір мамандар Петропавлдағы балалар ауылының, М.Жұмабаев ауданындағы балалар үйінің және сәбилер үйінің тәрбиеленушілерін тегін профилактикалық тексеруден өткізуде.

— Балалық шақ — адам дамуындағы ең маңызды кезең, өйткені дәл осы кезеңде салауатты, табысты және бақытты өмірдің негізі қаланады. Біздің облыста 130 087 бала бар. Денсаулық сақтау басқармасымен, медициналық ұйымдармен бірлесіп 16 маусымға дейін ашық есік күндерін, сурет байқауларын, спорттық іс — шараларды, экскурсияларды, қайырымдылық іс-шараларын өткізіп, балаларға сыйлықтар табыстаймыз, — деді Лариса Гордеева.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz