Петропавл тұрғындары қолқаны қабатын күлімсі иістің қайта пайда болғанына наразы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Экология департаменті күкіртсутегінің жағымсыз исін жою бойынша жұмыстар «2020-2025 жылдарға арналған экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасына» енгізілгенін атап өтті. Қазіргі күні «Қызылжар су» бұл мәселені шешуді жоюды қолға алған.
-Компания өз қаражаты есебінен биотоғанды альголизациялау үшін «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС-мен 124,6 млн. теңгеге шарт жасасты. Өткен жылдың тамыз айында 4 мың тонна көлемінде хлорелла микробалдыры жіберілді. Биыл тағы 19 мың литр хлорелла құйылды, бұған қоса аралық су қоймасына 1,5 мың литр енгізілді, — деп хабарлады департамент өкілдері.
«Қызылжар су» ЖШС өкілдері болса, микробалдырлардан 2023 жылға қарай ғана нақты нәтиже болатынын атап өтті. Әзірге күлімсі иістен арылу мүмкін емес.
Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев.