«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде ерекше экскурсия өті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жалпы қалалық мектептердің 10-12 жас аралығындағы оқушылары экскурсия жүргізіп, өз шеберліктерін көрсетті. Бұл іс — шара-«Гид-экскурсовод»шығармашылық үйірмесі тәрбиеленушілерінің есебі. «Гид-экскурсовод» үйірмесінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Назгүл Бейсембина балаларға мұражай ісінің қыр-сырын үйретіп, қонақтармен жұмыс істеуге баулып жүр.
— Біздің үйірме сабақ сияқты өтеді. Тақырып таңдап, оны бекітеміз. Белгілі бір жаттығулар бар, мысалы, шешендік өнер. Балалар экскурсия жетекшісінің сөйлеу мәдениетін меңгереді, экспонаттың не екенін біледі, — дейді Назгүл Бейсембина.
Экскурсовод мамандығы балалардың қызығушылығын тудырып отыр, болашақта осы өрендердің Резиденция қызметкерлерінің сапына қосылады деген үміт бар.
Мырзабай БЕЙСЕН
Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев