Петропавлда футзалдан ІІІ желілік спартакиада өтуде

Авторы: Qyzyljar News

7-8 сынып оқушыларынан құралған жас футболшыларға  «QYZYLJAR  СҚ»  футбол командасының 5 ойыншысы келіп, шеберлік сабағын ұйымдастырды, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жасөспірімдер командалары арасындағы финалдық ойындарға Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен және алаң иелері-Петропавл құрамалары шықты. Петропавлға  келген әрбір құрама наурыз айында іріктеуден өтіп, спартакиаданың аймақтық кезеңдерінде бірінші және екінші орындарға ие болған. Солтүстікқазақстандық қыздар  командасы финалдық ойындарға жолдама алды. Кездесу барысында оқушылар жоғары дайындықтарын көрсете білді.

Балалардың шеберлігіне  «QYZYLJAR СҚ»  футбол командасының ойыншылары Мирослав Лобанцев, Дарко Зорич, Стефан Живкович, Тимур Мульдинов, Евгений Козлов та тәнті болды.

— Біз әдемі кездесулердің куәсі болдық. Сіздердің жоғары дайындықтарыңызды атап өткім келеді. Әсіресе, өз қақпаларын қорғап, доп өткізбеген қақпашылар мені қатты қуантты. Алдағы уақытта да спортпен шұғылданыңыздар, тоқтамаңыздар, — деп атап өтті «QYZYLJAR  СҚ» ФК қақпашысы Мирослав Лобанцев.

Мырзабай БЕЙСЕН

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz