Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан қалаларындағы өмір сүру сапасын зерттеу нәтижелерін жариялады. Жарияланған ақпараттарға сүйенсек, Мұнай және әкімшілік астаналардағы өмір жайлы. 25 қаланың жағдайы 54 көрсеткіш бойынша бағаланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалаларда өмір сүру сапасы рейтингінде б 6,67 балл көрсеткішімен Нұр-сұлтан көш бастады. Қала бірден үш фактор бойынша, «Экономика және бизнес»,» Адами ресурстар » және «Инфрақұрылым» жағынан бірінші орынға ие болды.
Екінші орында 5,67 ұпаймен Алматы тұр. Қала «Адами ресурстар» және «Экономика және бизнес» факторлары бойынша жетекші орынға ие болды.
5,49 ұпаймен үшінші орынға Атырау қаласы жайғасты.
Рейтингтің алтыншы сатысына СҚО орталығы Петропавл тұрақтады. Жалпы қала «Экономика және бизнес», «Адами ресурстар» және «Инфрақұрылым»факторлары бойынша орташадан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Мырзабай БЕЙСЕН
Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев