Бүгін атақты жерлесіміз, ақын, жазушы Ғалым Малдыбаевтың туғанына 120 — жыл толуына орай Мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мемориалдық тақта ақын өзі еңбек еткен ғимаратта орнатылды. Оны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен ақынның қызы Ақбаян Ғалымқызы ашты. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов, республикалық «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы, ақынның ұлы Сәбит Ғалымұлы Малдыбаев, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп, зиялы қауым өкілдері, туыстары қатысты.