Петропавл полицейлері Ғазиз Байтасовқа арнап мемориалдық тақта ашты

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Петропавл қаласының полиция басқармасында 2011 жылы Тараз қаласында лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жақында Петропавл қалалық полиция басқармасының ғимаратында Ғазиз Байтасовтың есімі жазылған ескерткіш тақта ашылды. Ашылу рәсіміне қала әкімі Руслан Аңбаев, облыстық полиция департаменті және қалалық полиция басқармасының басшылығы, ПБ жеке құрамы, ведомство ардагерлері, облыстық және қалалық мемлекеттік органдардың басшылары, жұртшылық өкілдері қатысты.

Облыс прокуроры Бағбан Тәйімбетов  12 қараша күні болған оқиғаның куәсі болғанын айтты. СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, Ғазиз Байтасовтың ерлігі батырлық пен Отанға адал қызмет етудің үлгісі ретінде Қазақстан полицейлерінің есінде мәңгі сақталмақ. Қонақтар, ақсақалдар мен полиция қызметкерлері оны бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіш тақтаның астына гүл шоқтарын қойды. Ардагерлер тақтаны ашқан полиция басшылығына алғыстарын білдіріп, өткенсіз болашақ жоқ екенін атап кетті. Салтанатты іс-шарадан соң тәртіп сақшылары қызметтерін жалғастырды.

Еске сала кетейік, Таразда 2011 жылғы 12 қарашада жиһадтық қозғалыс жақтаушысының жасаған қылмыстарының салдарынан жеті адам қазаға ұшырады, соның ішінде бес құқық қорғау органдарының қызметкері мен екі бейбіт азамат болды. Сонымен бірге, ішкі істер органдарының үш қызметкері жараланды. Лаңкес бейбіт адамдарға оқ жаудырып жатқанда, жол полицейі Ғазиз Байтасов ойланбастан оларды қорғауға ұмтылып, қылмыскерді тоқтатты. Ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшысына “Халық Қаһарманы” атағы берілді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz