Қазақстанда 1-сынып оқушылары тек қазақ тілін оқитын болады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушылары тек қазақ тілін меңгеретінін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап қана оқытылатын болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылатын болады, — деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz