Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында жүктілігі, босануы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әйелдерге төленетін төлем мөлшерін ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Заңнамаға сәйкес, әйелдерге жүктілігі бойынша 12 ай бойы төлем жасау керек, мұның бәрі қалады. Біз қазір мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын ескере отырып, төлем мөлшерін ұлғайтуды қарастырып жатырмыз, — деді министр.
Министрдің сөзінше, төлем мөлшерінің артуы декреттегі әйелдерге өз жалақысынан үлкен үлес алуға мүмкіндік береді.
Фото: ашық дереккөздерден