Тайынша қаласының №4 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары шағын футболдан ұлттық мектеп лигасында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
20-22 мамыр аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен аймақтық іріктеуде тайыншалық оқушылар үздік атанып, республикалық жарыстарға жолдама алды. 14-15 жастағы футболшылар алғаш рет республикалық деңгейдегі чемпионатқа қатысып, бірден жеңімпаз атанды.
-Республикалық турнирге алғаш рет қатысып отырғандықтан, аздап қобалжығанымыз рас. Өйткені, мұндай деңгейдегі сайыстың қалай өтетінінен бейхабар едік. Не де болса, жеңіске, жоғары орындарға ұмтылдық. Діттеген мақсатымызға жеттік деп ойлаймын,-деді команда жаттықтырушысы Андрей Малафеев.
Фото Андрей Малафеевтың жеке мұрағатынан