Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков жедел кеңес өткізіп, суағарларды орнату жұмыстарын жеделдету жұмысын пысықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Күн тәртібінде бірнеше мәселе бар. Соның бірі — жылыту маусымына дайындық. Оның басталуына көп уақыт қалған жоқ. Барлық әлеуметтік нысандарды, көп қабатты үйлерді мұқият дайындау қажет. Өткен жылыту маусымында пәтерлерде температура төмен болған жағдайлар болды. Мұның бір себебі — сапасыз дайындық, қала тұрғындарына жылыту жүйесінің қысымын уақытында тексерудің маңызды екенін тағы да еске саламын, — деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшаларында.
Жұмабаев және Горький көшелерінде жұмыс баяу. Жақын арада ТҮКШ бөліміне баяу жұмыс жүргізудің себептерін анықтауды тапсырды. Жұмыс жүргізу кестесі бар, соған сәйкес әрекет ету қажет.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша Бөкетов көшесінде жоспарланған жұмыстың 80 пайызы орындалды. Қазіргі уақытта Алтынсарин көшесінен Назарбаев көшесіне дейін жерді қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол аяқталғасын асфалт төселеді.
Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев