Петропавл тұрғындарын Қопай шағын ауданында өрттің жиілеп кеткені алаңдатып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл мәселеге қатысты қалалық ТЖ басқармасының өкілдері түсініктеме берді.
-Жыл басынан бері Қопай ауданында 2 ірі өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан, үш тұрғын үйге зақым келді. Сотқа дейінгі тергеу аясында өртке оранған нысындардың бұзылатын баспаналардың қатарында екені анықталды. Мүлікті бағалау жүргізілген. Меншік иелерінің ешкімге өкпесі жоқ. От белгісіз біреулердің немқұрайдылыған тұтанды, — деп хабарлады басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы Әзімхан Мірғасымов.
Бірнеше күннен кейін осы ауданда тағы да өрт шықты. Бұл жол қамыс өртенген. Салдарынан, 3 тұрғын үйдің күл-талқаны шықты.
— Алдын ала болжам бойынша біреу әдейі өрт қойған. Мамырдың 9-ы қалалық ТЖ басқармасына үй иелерінен хабарлама келіп түсті. Материал полиция бөліміне беріліп, қылмыстық іс қозғалды, — деді Әзімхан Мірғасымов.
Жыл басынан бері облыс орталығында 80 өрт оқиғасы орын алды. Апаттардың 58 – і жеке секторда тіркелген.
Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев