Мемлекеттік хатшы: 16 маусым күні Ұлытау облысында Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусым күні Ұлытауда өтетінін жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— 16 маусым күні Ұлытау облысында Ұлтық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді. Консультативтік-кеңесші органның құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен сарапшылар, сонымен қатар өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері кіреді. Ұлттық құрылтайдың міндеттерінің бірі – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар ұсынып, қадамдар жасау, — деп жазды Ерлан Қарин.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Ұлттық құрылтай құруды ұсынды.

-Біз бірлігіміздің бастауы болған дала демократиясын жаңғыртуымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ұлттық құрылтай қоғамдық диалогтың бірыңғай институционалдық моделін қалыптастыруы тиіс.

-Осылайша құрылтай билік пен халық арасындағы дәнекерге айналады. Қазіргі қоғамдық кеңестің бәрін өз айналасына топтастырады. Ұлттық құрылтайдың құрамында барлық аймақтың өкілдері болады,-деді Президент.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz