М.Қозыбаев университетінің ғылыми-зертханалық кешені тамыз айында пайдалануға беріледі

Авторы: Qyzyljar News

М.Қозыбаев университеті жанынан салынып жатқан оқу зертханасының құрылысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Ғимаратта 73 заманауи зертхана жұмыс істемек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Бұл жерде инженерия және цифрлық технологиялар, көлік және машина жасау, энергетика және радиотехника, азық-түлік қауіпсіздігі, орман шаруашылығы агрономиясы мен медицина мамандықтары бойынша студенттер білімдерін жетілдіреді, — дейді облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант.

Өңірде білім беру саласына бөлінген қаражат былтырғымен салыстырғанда 13%-ға артты. СҚО білім басқармасының мәліметінше, биыл білім саласына 114 млрд теңге бөлінді. 2 млрд теңгеге 21 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілмек. 83 мектептің оқу бөлмелері, асханалары мен кітапханалары жөнделіп, жиһаз сатып алынады.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz