СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында саны реттеуге жататын жануарлар түрлеріне қандай жағдайларда рұқсат берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Инспекция басшысы Бауыржан Асылжановтың айтуынша, реттеуге жататын жануарлардың тізімі і заңнамамен бекітілген. Оған қасқыр, қорқау, қарға және үлкен корморант кіреді.
— Жыл сайын жабайы жануарларды есепке алу нәтижелері негізінде әр облыс үшін жеке биологиялық негіздеме әзірленеді. Қазақстан аумағында ол тек қасқыр мен қорқауды алулауға ғана әзірленген. СҚО-да есепке алу нәтижелері бойынша бұл жануарлар жоқ. Қасқырлар біздің аймақтың аумағына кіретін кездер болады, бірақ сирек. Қасқыр мен қорқауды санын реттеу мақсатында өлтіруге жол берілмейді, — деді Бауыржан Асылжанов.
Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша елде 14 мыңнан астам қасқыр болған. Солтүстік аймақтарда олар аз. СҚО — да және онымен шекаралас аймақтарда қорқау жоқ.
Фото: ашық дереккөздерден.