Биыл СҚО-да қандай археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі

Авторы: Qyzyljar News

Биыл СҚО-да ауқымды археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ботай, Ақ-Ирий қоныстарында шаруа басталып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы Рахат Мәмбеталиновтың айтуынша, Ботай тұрағында зерттеу жұмыстары маусымның бірі басталған.

-2022 жылдың 1 маусымында «Ботай» мұражай-қорығы екі кезеңдік жоба аясында Никольское елді мекенінің маңындағы Ботай қонысында археологиялық жұмыстар басталды. Қазба аумағы 192 шаршы метрді алып жатыр. Мақсаты – ғылыми әдістер, жанама белгілер мен ұқсастықтар арқылы ежелгі ботайлықтардың артефактілерін, нанымдарын кешенді және егжей-тегжейлі зерттеу. Ботайлықтардың алғашқы (протофилософиялық), жартылай мистикалық өмірлік көзқарастарын, өмір салтын зерттеу. Экспедицияның екінші міндеті – солтүстік өңірде Ботай мәдениетінің таралу аймағын, бірегей археология ескерткіштерін зерттеу. Жылқыны қолға үйрету мәдениеті барлық ат-дала өркениетінің дамуына ықпал етті. Бұл факті туралы қазақстандықтардың өскелең ұрпағы білуі қажет. Сондықтан, жастар экспедицияға белсенді қатысады. Сонымен қатар, Ботай қонысы Ресей, Германия, жақын және алыс шетелдерден туристерді тартатын орынға айналды. Биыл да жаңа ашылулар болады деп ойлаймын. ЮНЕСКО өкілдерімен Қызыл-Обаны тізімге енгізу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алтын Орда дәуірінің ешбір ескерткіштерінде сақталмаған еден мен қабырғалардың қазіргі жағдайын көрсетіп, өз ұсынымызды жасап отырмыз, — деді Рахат Мәмбеталинов.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz