Energyprom.kz ұсынған мәліметке сүйенсек, 2022 жылы мамыр айының соңында бензин бағасы өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 4,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тиісті кезеңдегі өсім үшінші жыл қатарынан байқалады. Дизельдік отын бағасы бірден 41,5%-ға қымбаттады.
365 күнде жазғы дизель отынының бағасы 24,6%-ға, АИ-98 маркалы бензин – 9,6%-ға, АИ-95/96 – 9,1%-ға, АИ-92 – 4,2%-ға өскен.
Биылғы мамыр айында АИ-92 маркалы бензиннің орташа бөлшек сауда бағасы литріне 178 теңгені, АИ-95/96 литріне 210 теңгені, АИ-98 литріне 232 теңгені, жазғы дизель отынының литріне 234 теңгені құрады.
Фото: ашық дереккөздерден