СҚО-да Қожаберген жыраудың ескерткіші иесіз қалды

Авторы: Qyzyljar News

Осыдан төрт жыл бұрын Петропавлдың кіреберіс бетіне атақты Қожаберген жыраудың атқа қонған алып мүсіні орнатылғаны мәлім. Алайда, уақыт өте келе ескерткіштің жай-күйі нашарлай бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінде ескерткіштегі батыр бабамыздың есіміндегі кейбір әріптер түсіп қалған. Екі әріп мүлде жоқ, біреуі ілініп әрең тұр. Қала тұрғындары ескерткіштің дауылпаз жыраудыкі екенін білгенімен, жанында суретке түсуді сәнге айналдырған қонақтар аты-жөні жоғала бастаған батырды қалай танымақ? Тарихи тұлғаларға ескерткіш орнату қолымыздан келгенімен, оған күтім жасай алмай отырғанымыз қалай? Осы мәселенің мән-жайын білмек болып Петропавл қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына хабарласқанымызда, айналма жол «ҚазАвтоЖол» компаниясына тиесілі, ескерткіш те солардың қарауында деген жауап алдық. Ал, жолшылар болса, «батырды тұғырға қондырған» қалалық әкімдік, күтімі де солардың міндеті деп, маңайлатпады. Осыдан-ақ, «сен салар да мен салар, атқа жемді кім салардың» кебін киген жауапты адамдардың жауапсыздығына қынжылдық.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz