Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады

Авторы: Qyzyljar News

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы ұйымның азаматтарға көрсеткен көмегі бойынша есеп пен қайырымдылық қызметті ұйымдастыру жолдары жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Болат Жәмішевтің айтуынша, қазір қор 10 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны жүзеге асыруда. Сегізі медициналық көмек көрсетуге, біреуі ауыл балалары үшін спорт саласындағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталса, тағы бірі ауылдық жерлерден шыққан талапкерлер мен аз қамтылған отбасылардың студент балаларына білім гранттарын беруді қарастырады.

Мемлекет басшысы қордың мақсатты бағыттарын анықтауға қоғам мен қоғамдық институттарды белсенді түрде тарту қажет екеніне баса мән берді. Қор төрағасы тағы жаңадан толықтырылған тұжырымдаманы және қайырымдылық бағытындағы бағдарламалар мен жобалар әзірлеуді қолға алғандарын айтты.

Фото: Президенттің баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz