Шал ақын ауданында орналасқан «Байқара» ғибадатхана кешені — сақ заманының археологиялық ескерткіші, киелі нысан деп танылып, СҚО кешенді даму жоспарына енгізілді. Биыл оны мұражай қылып қайта құру жоспарланып отыр. Бұған республикалық бюджеттен 55 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Тарихи нысан бірегей туристік маршрутты әзірлеуге, оқушылар, студенттер және тарихты тануға құштар саяхатшыларды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, саябақ және ойын-сауық аймағының ашылуы кәсіпкерлікті дамытуға да мүмкіндік береді. Бұл, әрине, аудан экономикасына оң әсер етеді, — деді Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов.
Фото: ашық дереккөздерден