Маймыл шешегі әлемнің 39 елінен анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Маймыл шешегі әлемнің 39 мемлекетінен анықталды,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі,  Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.   

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлемде маймыл шешегінің тарау жағдайын талқылау мақсатында төтенше комитет өкілдерінің басын қоспақ.

ДДҰ-ның Бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус маймыл шешегінің тарау қарқыны алаңдатарлық жағдайда екенін айтты. Комитет мәжілісінде маймыл шешегінің әлем тұрғындарына қауіпі талқыланды.

Халықаралық ұйымның бас директорының сөзінше, ДДҰ өкілдері маймыл шешегінен жаппай вакциналанудың қажеті жоқ екенін айтып отыр.

Жыл басынан бері әлемнің 39 мемлекетінде аталған дертті жұқтырғандар саны 1,6 мың адамды құрап отыр, тағы 1,5 мың адам ауруды жұқтыруы мүмкін деген болжам бар.

Осыған дейін маймыл шешегін жұқтырғандар саны Еуропа мен Солтүстік Америкада 780-ге дейін көбейгені айтылды.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz