Петропавлда 244 орындық жаңа жатақхана салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің студенттеріне арналған  244 орындық жаңа жатақхананың  құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2019 жылы ашылған колледжде  99 студент білім алуда. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, паралимпиада ойындарының қатысушылары, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері және басқа да  талантты спортшылар қазір осында оқиды.

— Орын жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін биыл колледж студенттеріне арналған жатақхана құрылысы басталды. 9-қабатты ғимараттағы орын  244 адамға арналған, бұл оқу орнының қажеттілігін толығымен жабады, ал студенттер енді интернатта тұруға  немесе  баспана жалдауға мәжбүр болмайды. Айта кетейік, жатақханада тұру толығымен тегін болады,- дейді олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі директорының орынбасары Ольга Остафейчук.

Қазіргі уақытта ғимараттың  сегізінші қабат салынуда, сантехникалық жұмыстар, қабырғаларды монтаждау жүргізілуде. Жуырда нысанға  электр энергиясы тартыла  бастайды. Жалпы алғанда, жұмыстардың  жартысы  аяқталды.

— Жатақханаға салынған инвестиция сомасы бір млрд теңгеден  асады. Мердігер тек қазақстандық материалдарды қана пайдаланады. Жоспар бойынша 2023 жылдың басында құрылысты аяқтаймыз,   — деді жоба жетекшісі Берік Сәкенов.

 Pexels иллюстрациялық фотосы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz