Петропавл тұрғыны суррогат спирт дайындап, сатқан

Авторы: Qyzyljar News

СҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті антисанитариялық жағдайда алкоголь өнімдерін өндірушілердің жолын кесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала тұрғыны Петропавлдағы гараждардың бірінде суррогат спиртін дайындап, азаматтарға сатқан. Қойманы тінту барысында есепке алу-бақылау таңбаларын қолдан жасау белгілері бар 8000-нан астам алкоголь өнімі және құрамында спирті бар 600-ге жуық 5 литрлік пластик ыдыс, сондай-ақ бос ыдыстар, қақпақтар, «бадам коньягі» хош иістендіргіш концентраты табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

-Тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында тек ел экономикасына ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян тигізетін қылмыстық іс-әрекеттің жолы кесілді, — деп хабарлады СҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті өкілдері.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz