СҚО-да мемлекеттік грант алушыларды тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекеттік грант алушыларды тексеру кезінде 2,2 миллион теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тағы 4 миллион теңгені рәсімдеу кезінде заң бұзылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» РҚБ филиалының басшысы Руслан Асаубаев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жүгінді.

— «Петропавл әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ –нің бизнес-идеяларды дамытуға арналған гранттарды беру заңдылығын, атап айтқанда, бюджет қаражатының дұрыс мақсатта пайдаланылуын, 12 грант алушы тарапынан ұсынылған құжаттардың түпнұсқасының дұрыстығын тексеруді сұраймын,- делінген өтініште.

Гранттардың әрқайсысы жарты миллион теңгеден астам. Мемлекеттік қолдауға ие болғандар 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша бизнес-идеяларды іске асыруға тиіс еді. Қоғам белсендісә жобалардың бір бөлігі, соның ішінде тігін шеберханаларын ашу жалған деп күдігін алға тартты. Ал көрсетілген мекен-жайда цех мүлдем болмаған.

Жұмыспен қамту орталығы құрған комиссия кейбір келісімшарттардың тіркелмегенін, ал тігін ісі бойынша фото-есеп тек бір шеберханадан ұсынылғанын анықтады. Мәселен, Петропавл қаласының тұрғыны тігін шеберханасын ашуға грант алған. Әйел адам 583 мың теңгеге тиісті жабдықтарды сатып алу үшін келісім-шарт жасасыпты. Шындығына келгенде, ешқандай құрал алмағаны белгілі болды. Жалған тігінші қосымша ақша табу үшін құжат рәсімдеп, қолына 90 мың теңге алғанын айтып өз ісін мойындады.

Pexels иллюстрациялық фотосы 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz