Қазақстанда пәтер иелері кооперативі тағы бір жыл жұмыс істейді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар меншік иелері бірлестігіне және қарапайым серіктестіктерге көшу мерзімдерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы ұсыныс жасаған заң жобасын Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сенатор Ерік Сұлтановтың айтуынша, Заң жобасын талқылау барысында Сенат депутаттары бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Оның ішінде жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның қызметі мен құзыреті бойынша нормаларды нақтылау, көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімдерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту бар — деді Сенат депутаты Ерік Сұлтанов.

Карантиндік шаралар кезеңінде пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жиналыстарын өткізу проблемаға айналды. Соның салдарынан бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлердің барлығы басқарудың жаңа түріне көшкен жоқ.

 Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz