Жамбылдық түлектерге тұрғын үй сертификаттары берілді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық меценат Екпін Әбиев мектепті «Алтын белгі» иегерлері мен «Үздік аттестатқа» бітірген түлектерге «Отбасы банкінің» 100 мың теңгелік сертификаттарын табыс етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Екпін Әбиев Жамбыл ауданы Преснов ауылындағы мектептерді үздік аяқтаған оқушыларға жыл сайын «Отбасы банкінен» есепшот ашып, алғашқы жарна ретінде 100 мың теңгеден қаражат салып отырады. Кәсіпкер мұндай игі іспен 5 жыл бойы айналысып келеді. Биыл қаржылай қолдауға 12 жас түлек ие болды.

-Үздік түлектерге қаржылай сыйлық табыс ету дәстүрін 2018 жылдан бастадым. Ол кезде балаларға ақшаны қолдарына беретін едім. Ал 2019 жылдан бастап, «Отбасы банкінде» шот ашып, соған салатын болдым. 25-ке келгенше шотта үй алуға алғашқы жарна ретінде пайдалануға болатын сома жиналады. Ол үшін «Отбасы банк» жақсы мүмкіндік беріп отыр. Бұл дәстүрді әрі қарай жалғастыра бермекпін. Мақсатым – дарынды жастарды қолдау. Және осыны үлгі ету арқылы басқалардың да жақсы оқуға, білім алуға деген талпынысын ояту. Еліміздің болашағы – оқыған, білімді жастардың қолында. Жастар – Қазақстанның алтын қоры, – дейді Екпін Әбиев.

Осы уақытқа дейін Екпін Әбиев ауданның 41 түлегіне қолдау көрсеткен.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz