Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан тарихының көп томдығын келесі жылдың ортасында түбегейлі аяқтау керек

Авторы: Qyzyljar News

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Мен былтыр еліміздің академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу туралы тапсырма бердім. Қазір Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр. Белгілі ғалымдарымыз жұмылып, осы маңызды іске атсалысуда. Мен өзім де бұл жұмысқа үлесімді қосамын. Оны келесі жылдың ортасында түбегейлі аяқтау керек. Дегенмен, мәселе уақытта емес, сапада, — деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы жүйелі, шынайы, ең бастысы, тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігіне айрықша қадағалауды тапсырды. Қажет болса, бұл жұмысқа шетел ғалымдары да тартылады.

Фото: akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz