Петропавлда «Тарих.Тұлға.Уақыт» көрмесі ашылды

Авторы: Qyzyljar News

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Тарих.Тұлға.Уақыт» көрмесі ашылды. Оқырман назарына ұсынылған туындылар заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы және ғибратты ғұмыр жолымен танысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық және шетел әдебиеті бөлімінің жетекшісі Айнагүл Секренованың сөзінше, келушілердің көбі қаламгердің «Абай жолы» эпопеясын қызыға оқиды.

– Мұхтар Әуезов дегенде бірден “Абай жолы” роман-эпопеясы ойымызға оралады. Осы туынды арқылы қаламгер қазақ елін және Абайдың атын әлемге танытты. Бұл еңбек 1931 жылдан бастап 1954 жылға дейін жазылды. “Абай жолы” әлемнің 40 тіліне аударылған, — дейді Айнагүл Секренова.

Жасөспірімдердің оқу залында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме “Қайғылы тағдырлар беттерінен” деп аталды.

– Қазақтың ардақты перзентінің алғашқы кітабы – “Маса”. Бұл туындыны ол Семейде абақтыда отырған кезде жазды. 1919 жылы жарық көрген, — дейді кітапхана қызметкері Құралай Базарбекова.

Балалар кітапханасындағы қос көрме жыл соңына дейін жалғасады.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz