Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеранға ресми сапары барысында Иран Ислам Республикасының Жоғары көсемі Аятолла Әли Хаменеимен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесу барысында Қазақстан-Иран қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды.
— Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық – екі жақты қарым-қатынас басым бағыттардың бірі. Алайда геосаяси ахуал және экономикалық шектеулер әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Дегенмен, өзара алыс-беріс биылғы бірінші тоқсанда 50 пайызға артты. Ендігі мақсат – тауар айналымының қарқынын еселей түсу, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінен