Президент Рыбакинаға сағат пен орамал сыйлады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі қалай өткенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Кездесу жақсы өтті, әрине, таңертең қобалжыдым, Болат Жамитұлымен бірге бардық, жалпы ойдағыдай өтті. Болашақ жоспарларым туралы айтып бердім. Алдағы матчтар туралы сөйлестік. Бұған дейін жеткен жетістігіме құтты болсын айтты, — деді Елена Рыбакина.

Рыбакина сонымен бірге Президенттен сыйлық алғанын айтты.

— Сағат және орамал сыйлады, — деді теннисші.

Ал теннисші Президентке кітап сыйлағаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда елімізде 30 мыңнан аса адам тенниспен шұғылданатынына тоқталды. Оның 10 мыңнан астамы – 10 жасқа дейінгі балалар. Осы спорт түріне бұқаралық сипат беру мақсатында еліміздің 17 аймағында теннис корттары салынды. Сондай-ақ Baby tennis, «10 жасқа дейінгі теннис» секілді жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр.

14-15 сәуір күндері Астанада алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы өтеді. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Польша командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама алады.

Мемлекет басшысы халықаралық деңгейдегі мұндай іс-шараларды ұйымдастыру еліміздегі теннистің даму деңгейін арттыруға тың серпін беретінін айтты. Сондай-ақ Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған отандық теннисшілерге сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz